№72 мекемеде тегін құқықтық көмек көрсетілді

№72 мекемеде тегін құқықтық  көмек көрсетілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында №72 мекемеде жазасын өтеуші азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету бойынша іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар және жеке сот орындаушылары қатысты. Кездесу барысында сотталған азаматтардың өтініштері тыңдалып, қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді және нақты мәселелер бойынша білікті құқықтық кеңестер берілді.

Аталған іс-шаралар азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық көмекке қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.