Алатау ауданы ХКҚО қызметкерлеріне апостиль беру бойынша жаңашылдықтар таныстырылды

Алатау ауданы ХКҚО қызметкерлеріне апостиль беру бойынша жаңашылдықтар таныстырылды

Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері Алатау ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесіп, апостиль беру рәсіміндегі соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтарды таныстырды.

 Кездесу барысында апостиль қою тәртібі, құжаттарды қабылдау және рәсімдеу талаптары, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкестік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Қызмет көрсету барысында жиі кездесетін сұрақтар талқыланып, практикалық ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, азаматтарға сапалы және жедел қызмет көрсету, құжаттарды дұрыс қабылдау мен өңдеу тәртібін сақтау, электрондық форматтағы қызметтерді тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай түсіндіру жұмыстары мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіруге және халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.