Әуезов ауданында "Ашық есік күні" өтті

Әуезов ауданында "Ашық есік күні" өтті

Әуезов ауданы мен  Әділет департаментінің заң кеңесшілері, нотариустар және жеке сот орындаушылармен бірлесіп "Ашық есік күні мен бос жұмыс орындары" жәрмеңкесін өткізді.

Іс-шара барысында азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетіліп, түрлі құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жәрмеңке аясында жұмыс іздеушілерге бос жұмыс орындары ұсынылып, жеке сот орындаушылар борышкерлермен жеке жұмыс жүргізіп, оларды жұмыспен қамту арқылы берешекті өтеу жолдарын түсіндірді.