
Заң мен тәртіп» акциясы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Сыбайлас жемқорлық — бұл індет, онымен күресу қажет» тақырыбында дәріс өткізілді.
Алматы қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және бақылау бөлімінің инспекторы Базаршынов Е.Ж. студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін, оның себептері мен салдарын түсіндірді.
Дәріс барысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу шаралары, заң талаптарын сақтау қажеттілігі және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мұндай кездесулердің маңыздылығын ерекше атап өтті.