"Заң мен тәртіп":ҚазҰМУ-де жас дәрігерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өтті

"Заң мен тәртіп":ҚазҰМУ-де жас дәрігерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өтті

Алматы қаласы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Мұқажан Мұхамед «Заң мен тәртіп» акциясы аясында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дәріс өткізді.

Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жас дәрігерлермен кәсіби қызмет барысында адалдық қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен сақтану жолдары талқыланды.

Іс-шара аясында нақты мысалдар келтіріліп, қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан толыққанды жауап алды.