"Заң мен тәртіп":Каспий университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өтті

"Заң мен тәртіп":Каспий университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өтті

Алматы қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Е. Жетпісбаев «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Каспий университетінің студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дәріс өткізді.

Іс-шара барысында студенттерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның қоғамға тигізетін кері әсері, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.Сонымен қатар, жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік шаралары мен құқықтық салдарына ерекше назар аударылды.

Дәріс аясында нақты мысалдар келтіріліп, құқықтық нормаларды күнделікті өмірде қолдану тетіктері түсіндірілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан жан-жақты жауап алды.