Заң мен тәртіп:Narxoz студенттерімен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған дәріс өтті

Заң мен тәртіп:Narxoz студенттерімен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған дәріс өтті

Алматы қаласы Әділет департаменті «Заң мен тәртіп» акциясы аясында Narxoz университетінің заң клиникасымен бірлесіп танымдық дәріс өткізді 📚⚖️

Кездесу барысында студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың құқықтары мен заң көмегін алу тетіктері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, құқықтық мәселелер бойынша практикалық кейстер қарастырылып, заң көмегін көрсету тәртібі мен оның қолжетімділігі туралы нақты мысалдар келтірілді.

Іс-шара аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері де талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық білімін арттырып қана қоймай, олардың азаматтық белсенділігін нығайтуға және заң үстемдігін құрметтеуге бағытталған маңызды алаң болып табылады.