ҚазҰУ-да жаңа Конституцияның жобасы талқыланды

ҚазҰУ-да жаңа Конституцияның жобасы талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған академиялық тыңдау өтті. Іс-шара елдің құқықтық жүйесін жаңғырту мен конституциялық реформалау мәселелері бойынша ғылыми-сараптамалық диалогты дамыту аясында ұйымдастырылды.

Жиынға оқу ордасының басшылығы, әділет департаментінің өкілдері,қалалық полиция және прокуратура қызметкерлері, факультет декандары, заңгер-ғалымдар, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.