"Заң мен тәртіп"акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

"Заң мен тәртіп"акциясы аясында түсіндіру  жұмыстары жүргізілді

«Заң мен тәртіп» акциясы шеңберінде Алматы қаласы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің жетекші мамандары Медеу аудандық ХҚКО қызметкерлеріне апостиль қою тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

🔹 Апостиль қою рәсімінің тәртібі,
🔹 Қажетті құжаттар тізбесі,
🔹 Қызмет көрсету мерзімдері мен заң талаптары кеңінен түсіндірілді.

Кездесу барысында ХҚКО қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріліп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, қызмет сапасын жақсарту және азаматтарға көрсетілетін қызметтің тиімділігін күшейту.