
«Заң мен тәртіп» акциясы шеңберінде Алматы қаласы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің жетекші мамандары Медеу аудандық ХҚКО қызметкерлеріне апостиль қою тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹 Апостиль қою рәсімінің тәртібі,
🔹 Қажетті құжаттар тізбесі,
🔹 Қызмет көрсету мерзімдері мен заң талаптары кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында ХҚКО қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріліп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, қызмет сапасын жақсарту және азаматтарға көрсетілетін қызметтің тиімділігін күшейту.