
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Әділет департаментінің және өзге де құқық қорғау органдарының қатысуымен кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін жетілдіру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту.
Дөңгелек үстел барысында балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, заңнаманы қолдану тәжірибесі және ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді.