Жеке сот орындаушылары институтын дамыту мәселелері талқыланды

Жеке сот орындаушылары институтын дамыту мәселелері талқыланды

22 желтоқсанда Алматы қаласы Әділет департаментінде Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы ұйымдастыруымен Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы делегациясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында жеке сот орындаушылары институтын құру және дамыту мәселелері талқыланып, сот актілерін орындау саласындағы практикалық тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.

Іс-шара аясында Алматы қаласы Әділет департаменті басшысы Кесебаева Б.Т. жеке сот орындаушылары институтының тиімді жұмыс істеуіне қатысты өз көзқарасын білдіріп, ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ кездесуге Алматы қаласы прокуратурасының өкілдері мен Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.