"Заң мен тәртіп" акциясы аясында құқықтық-ағартушылық іс-шара өтті

"Заң мен тәртіп" акциясы аясында құқықтық-ағартушылық іс-шара өтті

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында «Заң мен тәртіп» акциясы аясында құқықтық-ағартушылық бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, студент жастармен мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында студенттерге заңдылық пен құқықтық тәртіптің маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, заң талаптарын сақтау мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар берілді. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға деген құрметті қалыптастыруға және қоғамда әділдік пен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған.