Мемлекетік қызмет туралы дөңгелек үстел өтті

Мемлекетік қызмет туралы дөңгелек үстел өтті

«Заң мен тәртіп» акциясы аясында  «Мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлім» филиалының басшысы Қайырлыков Азамат Тлеугазыевич Нархоз колледжінде мемлекеттік қызметтің маңызы туралы дөңгелек үстелге қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі, жастардың кәсіби бағыт-бағдары, мемлекеттік қызметшінің этикасы мен жауапкершілігі сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.
Азамат Тлеугазыевич студенттерге мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі, жұмыстың ерекшеліктері мен қызметтік өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

 Бұл шара жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын насихаттауға және болашақ мамандардың азаматтық жауапкершілігін күшейтуге бағытталды.