
«Заң мен тәртіп» республикалық акциясы аясында №11 мекемеде кәмелетке толмағандарға арналған құқықтық түсіндіру шарасы өтті. Дәрісті Алматы қаласы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы Еркін Маратович Бордаханов жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік және тәртіп нормалары жайында жан-жақты ақпарат берілді. Спикер заңға құрметпен қараудың маңызын, азаматтық мінез-құлықтың қоғамдағы рөлін және құқықтық нормаларды бұзудың салдарын нақты мысалдар арқылы түсіндірді.
Дәріс ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасты. Жасөспірімдер құқықтық жауапкершілік, заң алдындағы міндеттер және өз құқықтарын дұрыс пайдалану туралы практикалық кеңестер алды.
Осындай профилактикалық іс-шаралар кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәртіпке жауапты көзқарас қалыптастыруға және құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған.