"Заң мен тәртіп"акциясы аясында адам құқықтары туралы дәріс өткізілді

"Заң мен тәртіп"акциясы аясында адам құқықтары туралы дәріс өткізілді

«Заң мен тәртіп» акциясы аясында құқықтық мәдениетті арттыру және адам құқықтарын қорғау мәселелерін түсіндіру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып келеді. Акция шеңберінде Департаменттің қызметкері Шынар Әбзелбек №72 түзету мекемесіне барып, сотталушылармен кездесті.

Іс-шара барысында адам құқықтарын сақтау, заң талаптарын түсіну, құқықтық жауапкершілік және құқықтық мәдениетті қалыптастыру тақырыптарында жан-жақты дәріс оқылды. Лекцияда ҚР Конституциясында бекітілген негізгі құқықтар мен бостандықтар, олардың қорғалуының құқықтық тетіктері, сондай-ақ халықаралық адам құқықтары стандарттарының мазмұны түсіндірілді.

Сонымен қатар, шараға қатысушыларға адам құқықтарын бұзушылықтың алдын-алу, заң нормаларын дұрыс қолдану, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы туралы практикалық мысалдар келтірілді. Тыңдаушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық реттеу саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес алды.

Осындай кездесулер құқықтық мәдениет деңгейін көтеруге, заң үстемдігін нығайтуға, және жазасын өтеушілердің қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал ететін түсіндіру жұмыстарының маңызды бөлігі болып табылады. Әділет департаменті алдағы уақытта да азаматтардың құқықтық санасын арттыру бағытындағы іс-шараларды жүйелі түрде жалғастырады.