
Этносаралық қатынастар саласына арналған әдістемелік материал қызметкерлерге таныстырылып, оның негізгі бөлімдері мен талаптары бірге талқыланды. Қатысушылар құжаттағы ақпараттық саясаттың ерекшеліктерін, БАҚ пен әлеуметтік желілерде этносаралық тақырыптарды жариялау кезінде сақталуы тиіс қағидаларды оқып, мазмұнын жан-жақты қарастырды.
Талқылау барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, практикалық жағдайларға қатысты сұрақтар қойып, ұсыныстарымен бөлісті. Әдістемелік материалдың талаптарын жұмыс барысында тиімді пайдалану жолдары да қарастырылды