
Адал азамат» Жол картасының 17.3-тармағын орындау аясында «Үздік мемлекеттік қызметші» медалінің иегері – Алматы қаласы әкімі аппаратының Бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы Гүлнара Қуанышқызы Молдашева жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Гүлнара Қуанышқызы Молдашева Алматы қаласы Әділет департаментіне алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандарды мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларымен таныстырып, мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы, миссиясы мен этикалық талаптары туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ өзінің мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесі жөнінде бөлісті.