Мемлекеттік қызметшілерге арналған тәртіп және этика мәселелері бойынша семинар өтті

Мемлекеттік қызметшілерге арналған тәртіп және этика мәселелері бойынша семинар өтті

Алматы қаласы Әділет департаментінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өткізілді. Іс-шара Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Сатхожин З.М. қатысуымен өтті.Семинардың  мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтауын қамтамасыз ету.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері – Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Турдуев Ш.М. және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Нұрмағамбетова А.А. қатысты.

Спикерлер Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, заң талаптары және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сондай-ақ семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған ақпараттық слайдтар көрсетілді.

Іс-шара мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға, этикалық нормаларды сақтау деңгейін күшейтуге және ашық әрі адал мемлекеттік қызметті қалыптастыруға бағытталды.