Тұран университетінде "Заң мен тәртіп"акциясы аясында құқықтық дәріс өткізілді

Тұран университетінде "Заң мен тәртіп"акциясы аясында құқықтық дәріс өткізілді

Алматы қаласында «Заң мен тәртіп» акциясы аясында Тұран университетінің студенттеріне арнап құқықтық бағыттағы дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары туралы түсінік қалыптастыру және оларды қорғау тетіктерімен таныстыру болды.

Дәріс барысында студенттерге адам құқықтарын сақтау қағидаттары, құқықтық мәдениеттің қоғамдағы рөлі, заңнама талаптары мен құқық қорғау институттарының қызметі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар адам құқығын қорғаудың практикалық механизмдері, әр азаматтың жауапкершілігі мен заң алдындағы теңдігі мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ түлектерді жұмыспен қамту мәселесі де назардан тыс қалмады. Әділет органдарының өкілдері мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдар, жұмысқа қабылдау тәртібі, мансаптық өсу мүмкіндіктері және іріктеу кезеңдері туралы түсіндірме берді. Студенттер өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.