"Мемлекеттік тіл мәселелері"атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

"Мемлекеттік тіл мәселелері"атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес «Мемлекеттік тіл мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, іс жүргізуді толық қазақ тіліне көшіру, тіл саясатының өзекті бағыттары мен жаңа міндеттері талқыланды. Конференцияға тіл мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар және қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Осы маңызды жиынға Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері де қатысып, мемлекеттік тіл талаптарын қамтамасыз ету, құжат айналымын қазақ тілінде жүргізу және халықпен қазақ тілінде тиімді коммуникация орнату бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Мұндай алаңдар мемлекеттік тілдің дамуына, ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың артуына және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді.