
Алматы қаласы Әділет департаментінің жас мамандары кәсіби ұстанымды дұрыс қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын-алу мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 түзету мекемесіне бағытталды.
Шара барысында жас қызметкерлерге пара алу мен берудің құқықтық және моральдық салдары, сыбайлас жемқорлықтың адам тағдырына әсері, сондай-ақ адал әрі әділ мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары түсіндірілді.
Түзету мекемесіне бару және оның режимімен танысу жас мамандарға қызметтік міндеттерді орындау кезінде жауапкершіліктің, қызметтік этиканың және заңды қатаң сақтаудың маңызын айқын көрсетті.