Қала аумағында заңсыз құрылыс бойынша шаралар атқарылды

Қала аумағында заңсыз құрылыс бойынша шаралар атқарылды

«Заң мен тәртіп» республикалық акциясы шеңберінде Алматы қаласында жүргізілген мониторинг нәтижесінде заңсыз салынған нысан анықталды. Тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен нысан белгіленген тәртіпке сәйкес сүрілді.

Сонымен қатар, қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында объектінің электрмен жабдықтау жүйесі ажыратылды.

Бұл шаралар қала аумағында заңдылықты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құрылыс саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылды.