
Республикалық «Заң мен тәртіп» акциясы аясында Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Б.Т. Кесебаева Алматы қалалық адвокаттар алқасының №5 заң кеңесі филиалының адвокаттары мен заң консультанттарымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында құқықтық қызметтердің сапасын арттыру, азаматтарды қабылдау үдерістерін жетілдіру, сондай-ақ әділет органдары мен заң қауымдастығы арасындағы өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Әсіресе сервистік қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын енгізу, құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру және азаматтардың өтініштеріне жедел үн қату бағыттарына ерекше назар аударылды.
Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту, халықпен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдерін енгізу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша ұсыныстармен алмасты. Сондай-ақ құқықтық кеңес беру тетіктерін жетілдіру және тегін құқықтық көмекті кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды.