Адвокаттармен және заң кеңесшілерімен "Заң мен тәртіп"акциясы аясында кездесу өтті

Адвокаттармен және заң кеңесшілерімен "Заң мен тәртіп"акциясы аясында кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» республикалық акциясы шеңберінде Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Б.Т. Кесебаева Алматы қалалық адвокаттар алқасының №2 заң кеңесі филиалының адвокаттары мен заң кеңесшілерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында көрсетілетін құқықтық қызметтердің сапасын арттыру, азаматтарды қабылдау процесін жетілдіру, сервистік қызмет стандарттарын нығайту және құқықтық көмектің тиімділігін жоғарылату мәселелері қарастырылды. Әсіресе, әділет органдары мен заң қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде жауап беру және халықпен жұмыстың жаңашыл тәсілдерін енгізу бағыттарына ерекше назар аударылды.

Тараптар алдағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған ұсыныстармен алмасты.

Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті дамытуға, заңгерлік қызметтің сапасын арттыруға және әділет жүйесіне деген қоғам сенімін нығайтуға ықпал етеді.