
Мемлекеттік қызмет алушылар күніне орай Алматы қаласы Әділет департаменті «Заң мен тәртіп» акциясы аясында қала тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетті.
Іс-шара барысында әділет органдарының қызметкерлері, заң консультанттары және адвокаттар азаматтардың өтініштерін қабылдап, олардың құқықтары мен міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға неке және отбасы, мұрагерлік, тұрғын үй және жер қатынастары, еңбек саласы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кәсіби кеңестер берілді.
Көрсетілген консультациялар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар құқықтық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге және әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.