Жазасын өтеушілерге арналған құқықтық ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді

Жазасын өтеушілерге арналған құқықтық ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді

Әділет департаменті «Заң мен тәртіп» шеңберінде №13 түзету мекемесінде құқықтық түсіндіру шарасын өткізді. Іс-шара барысында жазасын өтеушілерге құқықтық көмек көрсетіліп, заңнамадағы өзекті өзгерістер туралы түсіндірме берілді.

Департамент мамандары сотталған азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың қайта әлеуметтену процесіне қатысты құқықтық тетіктер жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды. Қылмыстық-атқару заңнамасындағы жаңашылдықтар түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кеңестер берілді.

Шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеушілердің құқықтық сауаттылығын көтеру және олардың қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету. Мұндай түсіндіру жұмыстары сотталғандардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, әлеуметтік оңалтуға оң әсер етеді.