2020 жылдың 15 қазаны күні Алматы қаласы Әділет департаментімен «Болотов и Партнеры» ЖШС-нің арасында жасалған меморандум шеңберінде зияткерлік меншік құқықтары бөлімнің мамандары аталған ЖШС-нің маманы Ж.А. Нурмагамбетовпен бірлесе отырып, «Grand Park» сауда орталығында кәсіпкерлерге зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және құқық бұзушылық орын алған жағдайда көзделетін жауапкершілік туралы, сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертпе қағаздары таратылды.
Аталған шара зияткерлік меншік бағыты бойынша құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жиі өткізіліп тұратындығын хабарлаймыз.