Германия Бундестагының Құқықтық комитетімен өзара тәжірибе алмасу өтті

Германия Бундестагының Құқықтық комитетімен өзара тәжірибе алмасу өтті

Алматы қаласы Әділет департаментінде Германия Бундестагының Құқықтық мәселелер және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдерімен кездесу өтті 🇩🇪🤝🇰🇿

Кездесуге Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балаим Туғанбаевна Кесебаева, сондай-ақ департаменттің құрылымдық бөлім басшылары қатысты.

Іс-шара барысында тараптар Конституциялық реформалар, цифрландыру үдерісі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттарындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Әділет департаменті өкілдері мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру мақсатында цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Германия делегациясы өз еліндегі құқықтық реттеу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімді тетіктерін таныстырды.

Мұндай халықаралық ынтымақтастық әділет саласындағы заманауи шешімдерді енгізуге, тәжірибе алмасуға және қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.