"Халық заңгері" республикалық акциясы өтті

"Халық заңгері" республикалық акциясы өтті

Алматы қаласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

📅 Іс-шара барысында қала тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беріліп, нотариат, жылжымайтын мүлік, алимент, еңбек және тұрғын үй даулары, азаматтардың құқықтарын қорғау сияқты өзекті мәселелер бойынша кәсіби көмек көрсетілді.

Акцияға Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балаим Туғанбаевна Кесебаева қатысып, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

 Іс-шараға сондай-ақ Алматы қаласының жетекші жоғары оқу орындарының студенттік заң клиникаларының өкілдері белсене қатысып, азаматтарға практикалық көмек көрсетті және құқықтық кеңес беру тәжірибесімен бөлісті.

«Халық заңгері» акциясының басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту, құқықтық мәдениетті дамыту және барлық азаматтарға тегін заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.