
«Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды
Әділет министрлігінің вице-министрі Б.С. Молдабековтың төрағалығымен студенттік заң клиникаларының өкілдері арасында «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру мәселелері бойынша онлайн форматта кеңес өтті.
Кеңесте студенттік заң клиникаларының қоғамдағы рөлі, халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы бастамалар, сондай-ақ азаматтардың қарыздық міндеттемелерін азайтуға арналған шаралар талқыланды.
🔹 Іс-шараға департамент басшысы Б.Т.Кесебаева және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының заң факультеттері мен әділет органдарының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, «Тұран» университетінің, «Каспий» университетінің және Нархоз университетінің заң клиникалары белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
🔹 Кеңес барысында азаматтардың қаржылық мінез-құлқын жақсарту, борыштық жүктемені төмендету, құқықтық көмек пен консультациялық қызметтердің қолжетімділігін кеңейту бағытындағы бірлескен іс-шаралар жоспары қарастырылды.
📍 «Қарызсыз қоғам» жобасы халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруды, әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуді және қоғамда тұрақты экономикалық мәдениетті қалыптастыруды мақсат етеді.