Республика күні қарсаңында Әділет департаментінде салтанатты жиын өтті

Республика күні қарсаңында Әділет департаментінде салтанатты жиын өтті

25 қазан — Республика күні қарсаңында Алматы қаласы Әділет департаментінде мерекелік іс-шара өтті. Департамент басшысы Балаим Туғанбайқызы Кесебаева ұжым мүшелерін еліміздің маңызды мерекесімен құттықтады.

Өз сөзінде Балаим Туғанбайқызы әділет органдары қызметкерлерінің мемлекет мүддесін қорғаудағы, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудағы қажырлы еңбегін ерекше атап өтті.

Мерекелік жиын еліміздің Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталып, жоғары рухта өтті. Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің айқын көрінісі, ұлт мақтанышының символы болып табылды.

Іс-шара барысында қызметкерлерге адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін алғыс хаттар табысталды. Ұжым мүшелері жылы лебіздерін білдіріп, өзара марапаттар мен тілектер алмасты.