ҚазҰУ-да студенттік заң клиникасының қызметі таныстырылды

ҚазҰУ-да студенттік заң клиникасының  қызметі таныстырылды

«Заң мен тәртіп» акциясы аясында Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балаим Туғанбайқызы Кесебаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Балаим Туғанбайқызы студенттік заң клиникасының қызметімен танысып, студенттердің азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету тәжірибесін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол жас заңгерлердің практикалық машығын дамытуда осындай клиникалардың маңызы зор екенін атап өтті.

Кездесу барысында факультет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру, жастардың кәсіби әлеуетін дамыту және әділет органдарымен өзара ынтымақтастықты нығайту бағытында пікір алмасты.

Бұл іс-шара жастар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және болашақ заңгерлердің азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.