Құқықтық мәдениетті қалыптастыру-қауіпсіз ортаның кепілі

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру-қауіпсіз ортаның кепілі

«Заң мен тәртіп» акциясы аясында Алматы қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айгуль Бактымбетова мен адвокат Халида Ажигулова бірлесіп, «Оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шара «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мамандар балаларға олардың құқықтары мен міндеттері, зорлық-зомбылық пен агрессияның салдары, сондай-ақ буллингтен қорғану тәсілдері туралы түсіндірді. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заң саласының мамандарынан нақты жауаптар алды.

Шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз оқу ортасын қамтамасыз ету болып табылады.

Бұндай дәрістер жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайтып, олардың бойында өзара сыйластық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.