Азаматтарға құқықтық көмек көрсету тетіктері талқыланды

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету тетіктері талқыланды

«Заң мен тәртіп» акциясы аясында Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балаим Туғанбайқызы Кесебаева және құқықтық түсіндіру жұмысы мен заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айгүл Аманжолқызы Бақытымбетова №1 заң консультациясының адвокаттарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында азаматтарға тегін заң көмегін көрсетудің тиімді тетіктері, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жолдары, сондай-ақ адвокаттардың кәсіби қызметін жетілдіру және өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар заң көмегінің сапасын арттыру, тұрғындарға құқықтық ақпаратты қолжетімді ету және құқықтық мәдениетті дамыту бойынша бірлескен іс-шараларды жүйелі түрде өткізу қажеттілігін атап өтті.

Мұндай кездесулер қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне, сондай-ақ әділет органдары мен адвокаттар арасындағы тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.