
Алматы қаласы Әділет департаментінің «Заң мен тәртіп» акциясы аясында Мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлімінің филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Азамат Илкенұлы Джуманазаров, адвокат Арман Оразбақов және Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығының Мансап орталығы жанындағы Ізденушілерді қолдау бөлімінің маманы Жанболат Хазбулатұлы Кенжеғұл Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №72 мекемесіне барды.
Іс-шара барысында сотталған азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Сонымен қатар 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілген заңнамадағы өзгерістер таныстырылды.
Кездесу аясында еңбекке орналасу, әлеуметтік бейімделу және заңды көмек алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – сотталған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік бейімделуіне және қоғамға қайта оралуына ықпал ету болып табылады.