Алматы қаласы Әділет департаментінің мәжіліс залында Әдеп жөніндегі уәкіл З.М. Сатхожинаның қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге арналған дәріс (лекция) өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын қатаң сақтау мәселелерін түсіндіру, қызметтік этиканы сақтау мәдениетін арттыру және резонанстық жағдайлардың алдын алу тетіктерін талқылау болды.
Лекция барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің әдептілік қағидалары, мүдделер қақтығысының алдын алу, қоғам мен азаматтар алдындағы жауапкершілікті арттыру бағыттары туралы ақпарат берілді.