Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балаим Туғанбаевна Кесебаева және департамент қызметкерлері «Тұран» университетінде орналасқан заң клиникасының қызметімен танысты.
Кездесу барысында университет оқытушылары клиниканың негізгі бағыттарын таныстырып, оның студенттердің тәжірибелік дағдыларын арттырудағы маңызына тоқталды. Сондай-ақ, заң клиникасы халыққа тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған жұмыстарын таныстырды.
Заң клиникасы – жас заңгерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіруге, практикалық білімдерін тереңдетуге және қоғамдағы құқықтық мәдениетті дамытуға арналған маңызды алаң болып табылады.
Мұндай бірлескен жұмыстар заңгер мамандарын даярлаудың сапасын арттыруға, азаматтарға құқықтық қолдаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әділет органдары мен жоғары оқу орындарының ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді.