Алматы қаласында «Тұран» университетінде Адвокаттардың біліктілігін арттыру орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балаим Туғанбаевна Кесебаева және құқық саласының жетекші мамандары қатысып, кәсіби өсу, тәжірибе алмасу және еліміздің құқықтық жүйесін нығайту мәселелерін талқылады.
Жаңа орталық ұлттық және халықаралық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын болады. Бұл өз кезегінде адвокаттарға кәсіби біліктілігін арттыруға, жаңа тәжірибе алмасуға және халықаралық деңгейдегі құқықтық білімді меңгеруге кеңінен мүмкіндік береді.
Әділет департаменті басшысы атап өткендей, мұндай бастамалар құқықтық мемлекет құру жолында ерекше маңызға ие. Адвокаттардың кәсіби даярлығын күшейту – халыққа көрсетілетін заң көмегінің сапасын арттыруға, әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге және қоғамдағы құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал етеді.
✨ Ашылған орталық заң саласындағы мамандар үшін жаңа мүмкіндіктердің алаңына айналып, қазақстандық құқықтық жүйенің дамуына өз үлесін қосады.