Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дәріс өтті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дәріс өтті

Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін бақылау және қадағалау бөлімі қаланың мемлекеттік сот орындаушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау» тақырыбында дәріс ұйымдастырды.

Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі және мемлекеттік қызметтегі адалдық қағидаттарын ұстанудың қоғам үшін мәні түсіндірілді.

Шара қатысушылары  өз сөздерінде сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін теріс әсерлерін атап өтіп, оның алдын алудың тиімді жолдарына тоқталды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, азаматтардың сенімін күшейту және құқықтық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды.

Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – заңдылық пен әділдікті қамтамасыз ету арқылы қоғамда ашықтық пен сенім атмосферасын орнату. Әділет департаменті алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын болады.