Халықаралық кездесу өтті

Халықаралық кездесу өтті
 
9 қыркүйек күні Алматы қаласы Әділет департаментінде Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Әділет департаментінің делегациясымен «Заң қызметтері саласында ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу» тақырыбында кездесу өтті.
 
🤝 Кездесуді Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балаим Туғанбайқызы Кесебаева алғы сөзбен ашты. Қазақстан тарапынан әділет органдарының, Нотариат палатасының, адвокаттар алқасының және заң кеңесшілері палаталарының өкілдері қатысты.
 
🔹 Кездесуде талқыланған негізгі мәселелер:
•заң қызметтерін дамыту және тәжірибе алмасу;
•тегін заң көмегіне мемлекеттік кепілдіктер және адвокаттардың рөлі;
•халықаралық құқық саласында кадрларды даярлау;
•заң саласын цифрландыру («E-заң көмегі», құқықтық чат-бот).
 
🌏 Тараптар құқық саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.
 
📸 Кездесу соңында естелікке ұжымдық сурет жасалды.