Конституция күні қарсаңында әділет қызметкерлері марапатталды

Конституция күні қарсаңында әділет қызметкерлері марапатталды


Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері ҚР Әділет министрінің және департамент басшысы Б.Т. Кесебаеваның атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Бұл құрмет әділет саласында еңбек етіп жүрген мамандардың адал еңбегін, кәсіби біліктілігін және юстиция саласын дамытуға қосқан үлесін бағалаудың айқын көрінісі болды.

📌 Әділет департаментінің қызметкерлеріне көрсетілген бұл марапат олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, кәсіби міндеттерін әрі қарай жоғары деңгейде атқаруға ынталандырады.

✨ Барша әріптестер Конституция күнімен шын жүректен құттықталды.