Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығы аясында Алматы қаласы Әділет департаменті Нархоз университетінің фойесінде қала тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес көрсетті.
Іс-шара барысында азаматтар өздерінің құқықтық сұрақтарына жауап алып, тәжірибелі заңгерлерден нақты әрі пайдалы кеңестер алды. Мамандар тұрғындардың жеке жағдайларына байланысты құқықтық түсіндірмелер жасап, заңнаманы дұрыс қолдану жолдарын түсіндірді.
📌 Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияның қоғамдағы рөлін айқындау және азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу.