Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы алаңында Алматы қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды бақылау және тіркеу бөлімінің бас маманы Алтыбаева А.Б. «Мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында кәсіпкерлікті тіркеуде қолданылатын заңнамалық актілер жан-жақты түсіндіріліп, қажетті құжаттар тізімі мен олардың рәсімделу тәртібі таныстырылды. Сонымен қатар, қатысушылардың құжат рәсімдеу кезінде туындайтын сұрақтарына толыққанды жауап берілді.

📌 Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және заңнаманы қолданудағы тәжірибелік мәселелерді айқындау болды.