Алматыда Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алматыда Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Конференция барысында Конституцияның құқықтық мемлекетті нығайтудағы, демократиялық институттарды дамытудағы және азаматтық қоғамды қалыптастырудағы рөлі талқыланды.

🤝 Шараға Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Б.Т. Кесебаева және департамент қызметкерлері қатысты.

Бұл басқосу ғылыми пікір алмасу алаңы ғана емес, сонымен бірге конституциялық құқық ғылымын дамыту мен тұрақты даму жолындағы маңызды тәжірибе болды.