Алматыда тегін құқықтық көмек көрсетілетін ашық есік күні өтеді

Алматыда тегін құқықтық көмек көрсетілетін ашық есік күні өтеді


Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Алматы қаласы Әділет департаменті, Алматы қаласының нотариаттық палатасы және адвокаттар алқасы қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ашық есік күнін өткізеді.

📅 Өтетін күні: 2025 жылғы 15 тамыз
🕙 Уақыты: 10:00–17:00

Іс-шара аясында барлық келушілерге түрлі құқықтық мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңес беріледі. Кеңесті тәжірибелі нотариустар мен адвокаттар ұсынып, азаматтардың сұрақтарына жауап береді және құқықтық тұрғыдан дұрыс шешімдер қабылдауға бағыт-бағдар береді.

Шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң нормаларын түсіндіру және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесу.