Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, Алматы қаласы Әділет департаменті мен Алматы қаласының нотариаттық палатасы қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ашық есік күнін өткізеді.
Іс-шара 2025 жылғы 13 тамызда сағат 10:00-де басталып, Айтиева көшесі, 134 мекенжайында өтеді.
Ашық есік күні барысында келушілерге тегін құқықтық көмек көрсетіледі. Қатысушылар нотариустар мен заңгерлерден құқықтық сипаттағы барлық сұрақтарына кәсіби жауаптар алып, қажетті кеңестерін ала алады.
Шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң үстемдігін насихаттау және халыққа заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жолдарын түсіндіру.