Алматы қаласы Әділет департаментінде I жартыжылдықтың кеңейтілген алқа отырысы өтті

Алматы қаласы Әділет департаментінде I жартыжылдықтың кеңейтілген алқа отырысы өтті

Іс-шараға Әділет департаментінің басшысы Б.Т. Кесебаева, Алматы қаласы нотариалдық палатасының төрайымы К.К. Калабаева, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы А.С. Қайдаров, құрылымдық бөлім басшылары мен департамент қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында бөлім басшылары  І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, жетістіктер мен өзекті мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, 2025 жылдың II жартыжылдығына арналған негізгі міндеттер айқындалып, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау барысы, оның ішінде қайта жолданған өтініштерді қарау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Алқа отырысы барысында азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау, ведомствоның ашықтығы мен жауапкершілігін арттыру, халыққа сапалы құқықтық қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажеттілігі атап өтілді.