«Заң және тәртіп» аясында 72-түзету мекемесінде құқықтық түсіндіру шарасы өтті

«Заң және тәртіп» аясында 72-түзету мекемесінде құқықтық түсіндіру шарасы өтті

Алматы қаласының Әділет департаменті «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕС-72 түзеу мекемесінде құқықтық түсіндіру шарасын ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен заң алдындағы міндеттері туралы жан-жақты ақпарат беру.

Іс-шара барысында Әділет департаментінің қызметкерлері жазасын өтеушілерге азаматтық құқықтар, сот шешімдерінің орындалу тәртібі және әлеуметтік кепілдіктер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар берді.

Кездесуге адвокат Л. Рамазанова және Алматы қаласы Әділет департаментінің Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Н.Ж. Карымсақова,департаменттің бас маманы М.Төлебаев қатысты. Олар өз салалары бойынша практикалық кеңестер беріп, жазасын өтеушілердің құқықтарын тиімді қорғау тетіктерін түсіндірді.

Аталған шара Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес ұйымдастырылып, құқықтық тәрбиенің және ресоциализацияның маңызды бөлігі болып табылады. Әділет департаменті алдағы уақытта да түзету мекемелерінде осындай кездесулер өткізіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.