2025 жылғы маусым айында Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау бағытында ақпараттық дәріс ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және қызмет барысында ашықтық пен әділдік қағидаттарын нығайту.
Дәріс барысында Әділет департаментінің мамандары Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын, заңнама талаптарын және жемқорлыққа жол берген жағдайда туындайтын құқықтық жауапкершілік түрлерін түсіндірді. Сонымен қатар, этикалық нормалар мен қызметтік әдебін сақтау мәселелері де сөз болды.
Іс-шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Қызметкерлер мұндай түсіндіру жұмыстарының өзектілігін атап өтіп, оның кәсіби қызметте маңызды рөл атқаратынын жеткізді.